Шымкенттің көрікті жерлері миллион көрілім жинаған веб-сериалда насихатталды

Screenshot_11.jpg

Туризм саласында бейнефильмдер, веб-сериалдар көп рөл атқарады. Интернет желісінде миллиондаған көрілім жинайтын бейнеөнімдер арқылы қаланы насихаттау нәтижелі жемісін береді. Сериалды өз еркімен сүйіп миллиондаған адам көреді. Олар бейнеөнімдегі қала туралы жағымды пікір қалыптастырып, сүйікті актерлары түскен қалаға бір барып көргісі келетіні белгілі. 

Осы орайда Шымкент қаласының көрікті жерлері отандық "Гәкку" телеарнасы арнайы тапсырыспен түсірген "Жолдастар" сериалында насихатталды. Ютуб желісіне шыққан сериалдың әрбір бөлімі кемінде 1 миллион көрілім жинады. Онда бірнеше мыңдаған пікір жазылды. Көбіне жағымды пікірлер сериал актерлары мен онда локацияға байланысты болды. Өзге мемлекеттерде, өзге қалаларда тұратын көрермендер Шымкент қаласының Дендросаябағына деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын танытты. Сериалда оқиға Дендросаябақта өрбитін көрініс бар. Көрермендер дендросаябақтың әсемдігі мен бай флорасы мен фаунасына қызықты. Нәтижесінде пікір жазушылардың көпшілігі Шымкент қаласына міндетті түрде келетіндерін мәлімдеді.

Айта кетейік, "Жолдастар" сериалында Дендросаябақтан бөлек, Шымкент қаласының әулиелі жерлері, Сайрам тұрғын алабы, "Шымкент" қонақ үйі, "Қиял әлемі" саябағы маңы көрсетілді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза табиғат – туризмнің басты кепілі
  • Көрікті өлкенің келешегі – туризмде
  • Алатау – туризмнің драйверіне айналған ауыл
  • Экотуризмге инвестиция тарту жалғасуда
  • Төлеби – төрт мезгілдік туризмнің мекені
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер