Дизель генератор зауыты салынуда

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлік жоғары қарқынмен дамып келеді. Қалада кәсіпкерлер көбейіп, бюджетке түсетін салық көлемі де артқан. Дегенмен шағын және орта кәсіпкерлік бүкіл экономиканың драйвері бола алмайды. Жүздеген адамды жұмыспен қамтып, өнім шығаратын кәсіпорындар көбейгенде ғана ел экономикасы қарыштап дамиды. Сондықтан да ірі өнеркәсіп орындарын салу өте маңызды. Бұл қазіргі таңда кезек күттірмейтін жұмыс. Осы орайда кәсіпорын салуға мемлекет тарапынан көптеген көмектер көрсетілуде.

Бүгінде Шымкентте индустриалды аймақтар құрылып, онда бірнеше кәсіпорындар жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жобада тұрған кәсіпорындар да аз емес. "Тассай" индустриалды аймағында «New technology Ltd» ЖШС дизель генератор зауытын салуда. Зауыт жұмысы аяқталғанда 30 адам жұмыспен қамтылмақ. Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, дизель генератор зауытын салуға "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында Тассай индустриалды аймақ аумағынан жер учаскесі бөлінген. Тиісті құжттар рәсімделіп, ЖШС-ға зауыт салуға бар мүмкіндік пен жеңілдік қарастырылды. Бүгінде мұндай қызу құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта зауыт пайдалануға берілгенде қала экономикасының дауымына өз үлесін қосатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза табиғат – туризмнің басты кепілі
  • Көрікті өлкенің келешегі – туризмде
  • Алатау – туризмнің драйверіне айналған ауыл
  • Экотуризмге инвестиция тарту жалғасуда
  • Төлеби – төрт мезгілдік туризмнің мекені
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер