Инвестиция тартудың маңызы өте зор

Screenshot_24.jpg

Әрбір қала өз күнін өзі көріп, республикалық бюджетке салық төлеп, оның қампаюына үлес қосқаны өте абзал. Осы жағдайда ғана мемлекет жоғары қарқынмен дамиды. Елімізде әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына кіргізу үшін елдегі әрбір қала ел экономикасының дамуына күш салғаны жөн. Тек республикалық бюджеттен бөлінген қаржына игеріп қана қоймай, өздері де жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартып, табыс көзін тапқаны нұр үстіне нұр. 

Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ауданда қарқынды салынып жатқан кәсіпкерлік нысандардың құрылысымен танысты. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан шағын кәсіпкерлік бизнес өкілдеріне құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында әрқашан қолдау білдіретінін айтып, кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады. Осы орайда инвестиция тарту – қаланың экономикалық әл-ауқатын дамытудың басты кілті. 

Айта кетейік, ауданға ағымдағы жылы 25 млрд. теңге көлемінде инвестиция тарту межесі бекітілген. Инвестиция тарту - әкім жұмысының индексі десек болады. Әкім неғұрлым көп инвестиция тартса, ол басқаратын қаланың дамуы да тез болмақ. Сондықтан да әкімдер инвестиция тарту үшін өте креативті ойлайтын іскер болғаны жөн.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза табиғат – туризмнің басты кепілі
  • Көрікті өлкенің келешегі – туризмде
  • Алатау – туризмнің драйверіне айналған ауыл
  • Экотуризмге инвестиция тарту жалғасуда
  • Төлеби – төрт мезгілдік туризмнің мекені
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер