Ақпараттық-насихаттық топ Түлкібаста

Screenshot_6.png

Түркістан облысының аудан, қалаларында  2020 жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері түсіндірілуде. Мамандар елді аралап, халықпен кездесуде. 

Жуырда  Түлкібас ауданына Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Темірбаева Асия Құралқызы бастаған ақпараттық насихаттық топ келіп, 2020 жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Әлеуметтік қызметтер порталы» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, ауылдық округ, кент әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының басшысы мен мамандары, аудандағы мүгедектер қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы мен жауапты мамандары, дербес бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Жиын барысында басқарма басшысы Асия Құралқызы күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңінен баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер