«Баламекенде» 100 отбасы қоныс тойын тойлауда

Screenshot_4.png

Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген «Баламекен» шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыс етті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қолданысқа берілген екі отбасына лайықталған «дуплекс» типті 50 үй толық аяқталған, әрі ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған. Әр үйдің ауласында 10 соттық жер телімі бар. Қалалық инфрақұрылымға қосылған жаңа шағын ауданда тас жол төселіп, аяқ жолдар салынған. Балалардың ойын алаңы орнатылып, ағаштар отырғызылған.

«Апаттан кейін бүкіл қазақ елі Арыс халқының қайғы-мұңын бөлісіп, қол ұшын созды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, халықпен бірге екенін көрсетсе, ҚР Премьер-министрі екі апта сайын келіп, Арыстағы құрылыс жұмыстарын бақылауды назардан тыс қалдырмады. Атқарылған ауқымды жұмыстар ел еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттырды Арыста атқарылған ауқымды жұмыстар ел еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттырды», – деді салтанатты жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Қайыртайұлы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер