Түркістанда суретшілер көрмесі өтті

Мұрат Базарқұлов.jpg

Бүгін Түркістанда «Арбат» алаңында мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Туған жер – алтын бесігім» атты суретшілер байқауы өтті. «Түркістан – қауіпсіз қала» және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асқан шара Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мен оларға қолдау көрсетуді мақсат еткен.

- Кез келген елдің атақ-даңқын шығаратын – сол елде туып өскен талантты тұлғалары мен дарынды жастары. Біз қазірден қолдау білдірер болсақ, болашақта әлемге танылатын суретшілер атанарына сенемін. Биік белестерді бағындырып, өнердің шыңына шығуға тілектеспін, – деді қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов.

Жалпы, байқауға 16-25 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Жас суретшілер Түркістан қаласының кез келген көрікті жерлері мен мәдени орындарын бейнеледі. Ал, әділ қазылық еткен профессор Қ.Ералин, Суретші-педагогтар Одағының мүшесі Г.Абдуллаева, Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Мырзақұлов жүлдегерлерді анықтау барысында олардың ой ұшқырлығына, идеялық мазмұнына, композициялық шешіміне, шеберлігіне баса мән берді.

Нәтижесінде, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің өнер факультетінің 4-курс студенті Ш.Тажиметова бас жүлдеге ие болып, өзге қатысушыларға да алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер