Түркістанда сенбіліктер тұрақты түрде өтуде

Еріктілер.jpg

Туризм орталығы болуға үмтылып жатқан Түркістанда қала тазалығына көңіл бөлу күн санап жалғасуда. Осы орайда, Түркістан қаласының еріктілері жиылып, Төле би көшесінің бойындағы көпқабатты үйлерде сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.

Мұндағы басты мақсат – тұрғындарды тазалыққа шақыру. ала тұрғындарының құлағына алтын сырға. Шаһарымызды таза ұстайық. Тазалық тазалаған жерде емес, тазалықты шашпаған жерде. Бір айдың жарнасы бір адам басына шаққанда 112 теңге, 2 адамға 224 теңге болады. Әр көшеге белгілі кесте қоямыз. Сол бойынша жұмыс жасаймыз. Қоқыстарды айына 4 рет, яғни апта сайын тазалап тұрамыз. Қазір Төле би көшесінің бойында тұрмыз. Осы көшенің бойындағы Ә.Науаи атындағы №13 мектеп – гимназиясының бұрышындағы көпқабатты үйлердің қоқыстары сол күйі жатыр. Олармен ешқандай келісім – шарт болмаған. Біз әр апта сайын қоқыстарды алып, тиісті орындарына төгеміз. Бір үйде 3 адам тұрса 336 теңге, 4 адам болса 448 теңге төлейтін болады. Мұндай қаражат ешбірінің қалтасына ауырлық түсірмейді деп ойлаймын. Келісім жасау үшін бір күннің өзі жеткілікті. Қанша уақытқа отыру ол тұрғындардың өз еркінде. Бірі әр айға бөлек, енді бірі 6 ай сайын қаржы төлеуді жөн деп санайды,- деді «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің маманы Қанат Сеилбеков.

Тазалық – денсаулық кепілі екенін ескерсек, айналамызды, жүрген ортамызды таза ұстау басты міндет. Облыс болған қаламызға бүгінде мұндай олқылық сын. Қала тазалығына сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Ол үшін тұратын орныңыздың тазалығына көңіл бөліп, қоқыстарды тиісті мекемелерге сеніп тапсырсаңыз жеткілікті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер