Мемқызметте кәсіби біліктіліктен де басқа жеке қасиеттер де маңызды

Screenshot_2.jpg

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің және Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әділет департаменттері басшылары мен аумақтық бөлімдері басшыларының қатысуымен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Сыдыкова, Түркістан облысының әділет департаментінің басшысы О.Тастанов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Д.Жанысбек тарапынан жиналысқа қатысушыларға мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтіп, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғанда өзін өзгертетін шешім қабылдайтынын, өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің басты міндеті халыққа қызмет көрсету болып табылатынын түсінулері қажет екендігін ескертті.

Департаменттің өкілі Д.Жанысбек жиналысқа қатысушыларға әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыстағы және одан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне қарап, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне баға берілетінін, мемлекеттік қызметте кәсіби біліктіліктен басқа жеке қасиеттер де маңызды екендігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметші қызмет орнында әріптестер арасындағы қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта, жұрт алдында және бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлегенде әдептілікті сақтау қажеттігін түсіндірді.

Оған қоса, жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің сыйлық және сыйақы қабылдау мәселесіне ерекше тоқталып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының аумақтық департаментімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесімен екі мемлекеттік қызметші 500 теңге мөлшерінде сыйақы алғандары әшкереленгенін, нәтижесімен олардың әрқайсысына 1 361 400 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынғанын және атқаратын мемлекеттік лауазымдарынан босатылғандарын атап өтті.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефонына, Департамент facebook жүйесіндегі мекен-жайы: facebook.com/depshymkent парақшасына және Департаменттің WhatsApp телефон 8-702-201-51-51 нөміріне хабарласуға болатыны жиналысқа қатысушыларға қатаң ескертілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер