Мемлекеттік қызметшілердің отбасыларына арналған "Ашық есік" күні өтті

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2018 жылға арналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспарына сәйкес, «Отбасы күніне» орай, Шымкент қалалық жергілікті атқарушы органдарда «Ашық есік» күні өткізілді.

Мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген мамандардың туған-туыстары осы күні мемлекеттік органдарға кіріп, ондағы соңғы жаңалықтармен, жалпы мемлекеттік қызметтің күнделікті тыныс-тіршілігімен, туыстарының жұмыс істейтін істерімен жақынырақ таныса алды.

Отбасы мүшелері бұл күні мемлекеттік қызметшілерге және олардың әріптестеріне жұмыста табыс тілеп, жылы лебіздерін білдіріп, естелікке суретке түсті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің ұл-қыздарының арасында болашақта мемлекеттік қызмет атқаруға ниет білдіргендер де болды.

Өнегелі отбасы – қоғам байлығы. Отбасында бақытты болған жан қызметте де үлкен жетістіктерге жетеді. Кез-келген адам қолдауды, көмекті де отбасында сезінеді. Сондықтан-да, өткізілген бұл акция қоғамдағы отбасы рөлін айқындап, мемлекеттік қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік қызмет туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік берді


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер