Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар

Емдеу мекемесіне әр адам жүгінеді. Емдеу-профилактикалық мекеме - бұл диагностика, емдеу және оңалту сияқты медициналық қызметтер көрсетілетін мекеме. Қазіргі уақытта мемлекеттік емдеу ұйымдарымен қатар көптеген жеке медициналық кабинеттер, орталықтар мен клиникалар жұмыс істейді.

Screenshot_2.jpg

Емдеу-алдын алу мекемелері меншік нысанына қарамастан «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс. Бұл талаптарда:

- денсаулық сақтау объектілерін салу және жобалау үшін жер учаскесін таңдау;

- сумен жабдықтау және су бұру; 

- жарықтандыру, желдету, кондиционерлеу және жылумен жабдықтау; - - үй-жайларды жөндеу және күтіп ұстау;

- санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; 

- медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау;  

- тамақтану шарттары, персоналға еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету шарттары көрсетілген.

Емдеу-профилактикалық мекемеге барған кезде ЕСТЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ:

- тұрғын ғимараттарда тұрғындарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, бір ауысымда қуаты 100 адамнан аспайтын, жеке кіреберісі бар денсаулық сақтау объектілерін орналастыруға болады;

- пациенттер тәулік бойы қалатын стационарларды тұрғын ғимаратқа орналастыруға болмайды;

- ғимараттардың жертөле және жертөле қабаттарында науқастарға арналған операциялық, таңу, процедуралық, манипуляциялық, босану, стоматологиялық кабинеттерді, қабылдау және палаталық бөлімшелерді орналастыруға тыйым салынады;

- дәрігерлерді қабылдаудың барлық кабинеттерінде, палаталарда, қосалқы үй-жайларда суық және ыстық су жеткізетін раковиналарды орнату көзделеді;

- денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы микроклиматтың оңтайлы жағдайлары желдету, кондиционерлеу және жылыту жүйелерімен қамтамасыз етіледі;

- күрделі жөндеу жүргізу кезінде денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының жұмыс істеуі тоқтатылады.

Емдеу мекемесінің талаптарға сай келетінін анықтау үшін жоғарыда аталған талаптарды біле жүрген жөн.

Шымкент қаласы СЭБД басшысы Ә.Төлебаев

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер