СІБІР ЖАРАСЫ АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЫНАН САҚТАНАЙЫҚ

image.png

Түркістан облысы  аумағы  аса қауіпті жұқпалы аурулардан, оның ішінде сібір жарасы ауруы бойынша жұқтыру қауіптілігі жоғары аймақтар қатарына жатады. Облыс бойынша жыл сайын тұрғындар арасында сібір жарасы ауруымен бірнеше жағдайлар тіркелуде. Сібір жарасы ауыл шаруашылық малдарынан адамдарға жұғатын аса қауіпті инфекция.

Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды, көп жағдайда терінің, кейде өкпенің, ішектің қабынуын және зақымдануын тудырады. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. Ауырған жануардың зәрі мен нәжісінде ауру қоздырғышы анықталады. 

Сібір жарасының жұғу жолдары Қоздырғышы – Bacillus anthracis сібір жарасын тудырушы бацилла. Сыртқы ортаға өте төзімді, спора түрінде топырақта 100 жылға дейін белсенділігін жоғалтпайды. Адам ауруды жануарлардан мал сойғанда, малға күтім көрсеткенде, асқа ауру малдың етін, сүтін қабылдағанда, споралары бар терісін қолданғанда жұқтырады. Аурудың формасына байланысты адамда дене қызуының көтерілуі, тері жарасы, ісіну,  ауыр формаларында  қанды іш өту және құсу, ішінің ауыруы, өкпе аурулары, жүрек әлсіздігі пайда болады. Емдеусіз ауру өліммен аяқталады. 

   Сібір жарасының белгілері инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Аурудың екі клиникалық түрі болады: біріншісі - жергілікті тері (карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты), екіншісі - сепсистік (өкпелік, ішектік) түрлері. Ең жиі кездесетін түрі карбункулезді түрі. Дененің ашық жерлері зақымдалады. Тек саусақ ұштары, тырнақ орны және мұрын терісі зақымдалмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!

Өзіңіздің денсаулығыңызды қауіп-қатерден сақтау үшін тағамға қолданылатын мал өнімдерін, оларды өңдеуден өткізу тек қана ветеринар сараптамасынан кейін ғана қолданғаныңыз жөн!  Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда міндетті түрде тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, себебі ем неғұрлым ерте басталса, нәтижесі де қолайлы болады. Сырқатты жұқтырмау үшін ет алуда абай болу керек. Еттің ветеринарлық зертханадан өткендігі туралы анықтаманың болуы маңызды! Ауыл шаруашылық малдарын сою алдында міндетті түрде ветеринарлық дәрігерлердің  тексеруінен өткізу қажет.

Есте сақтаңыз: сібір жарасы аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады.

Б.Елемесов, Түркістан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау департаментінің   басшы орынбасары                                



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер