60 қойын сатып, 2 млн теңге шығынға батырды

82325020_807514543057569_9208530867557761024_n.jpg

Түркістан облысының полицейлері 2 миллионнан астам теңгенің малын ысырап еткен бақташыны ұстады. Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық Полиция депатаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, rgmedia.kz ақпараттық порталының тілшісі хабарлады.

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Бәйдібек АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Арызданушы бақташыға сеніп тапсырылған 600-ге жуық ұсақ малының ішінен 60 бас малының жоқ екендігін жеткізді. Аталған арыз тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлері бірден бағыт алып тексеруді бастап кетеді. 

Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алынды. Сонымен қатар, мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктер тыңғылықты тексерілді. 

Нәтижесінде, білікті полицейлердің күдігіне бақташы ілігеді. Тәртіп сақшылары тексере келе бақташының өзіне сеніп тапсырылған ұсақ малдарды жымқырып, өз иесіне 2 миллионнан астам шығын келтіргенін анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, бақташы өзіне сеніп тапсырылған малды біртіндеп, иесі байқамайтындай етіп сата бастаған. Сатқан ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Бұрын сотты болмаған күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазіргі таңда болған жайтқа байланысты тергеу амалдары жалғасып, күдіктінің бұдан да басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Темекі – жүректің жауы!
  • «Куәгерлердің» қатарына кірмегенім үшін отбасымнан ажырадым
  • Түркістанда бірнеше отбасы алаяқтарға алданып қалды
  • 60 қойын сатып, 2 млн теңге шығынға батырды
  • 213 МЛН. ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО НА СЧЕТ КОРПОРАТИВНОГО ФОНДА СОЦИАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ «ТҮРКІСТАН» ДЛЯ ПОСТРАДАВ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер