Айгүл Иманбаева Ақбота Керімбековадан таяқ жегенін мойындады

Screenshot_10.jpg

Қазақстандық эстрада жұлдызы, әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өз әріптесінен таяқ жегенін айтты. Ол құрбысы Ақботе Керімбекованың бала кезінде қатты бұзық болғанын "Айта берсін" бағдарламасында айтты.

Ақботаның ұлы Біржанның тойына асыға келген Айгүл Иманбаева құрбысымен өткен қызықты балалық шағын еске алды.

"Біріншіден, Ақбота менің жекжатым. Ақботаның екінші ұлы - менің кіндік балам. Біздің аналарымыз жастық шақтарында сыйласты.

Кішкентайымда Ақботаның үйіне көп қонаққа баратынбыз. Көп таяғын жейтінмін, ол өте бұзық болды. Ақботаны еркелетіп, "Мәтөк"дейтінмін, ол мені "Мәтөк"дейді.

Кейде мынау халықтың арасында, әртістердің арасында "Мәтөк" десең, шошып, таңырқап қарайды. Бала кездегі еркелеткен аты солай қалып қалды",- деді Иманбаева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаратаудың қазыналы қайнары
  • Бизнесмен: Всем миром противостоять коронавирусу
  • Переводчик: Государство принимает необходимые меры
  • Надежда Атанова: Береженого Бог бережет
  • Аскар Жандаров: Только совместными усилиями мы сможем преодолеть кризис
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер