Мүгедек балаларды күттірген Ділназ сол күйі келмей қойған

Screenshot_1.jpg

Бірнеше күн бұрын Ақтөбеде отандық қаржылық құрылымдардың бірі өз филиалын ашты. 

Оның ашылуына эстрада жұлдызы Ділназ Ахмадиева қатысып, көпшіліктің көңілін көтерген. Алайда, түске дейін банктің ашылуына ән салған Ахмадиева мүгедек балалардың алдына ән салуға келмей қалды.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Банктың ашылуында ән айтып, ортаға шығып би билеген әнші каникул кезінде мүгедек балаларға арналған концерттік бағдарламада өнер көрсетуге келіскен. Соңында денсаулығына байланысты балалар алдына шыға алмайтынын айтып, сәлемдеме жіберіпті.

400 көрермен жиналған залда мүгедек балалар мен олардың аналары 100 минут бойы әншіні күткен. Әбден мазасы кеткен «ерекше» балалар да, аналары да әншіні бір көруге зар болып, концерттік залда тапжылмастан отырды.

Концерттік бағдарламаны созғандар „Дильназ қайда„ деп сұрай береді. Бұл туралы ақтөбелік шоумен Рамис Халиуллин жеке парақшасына жариялаған. Ол өзі жүргізуші болған шарада балалардың Ділназ Ахмадиеваны жәудіреп күтіп, қайта-қайта сұрағанда ұялғанын жазыпты.

«Қайырлы, күн, жазбамды оқыңыз, біле жүріңіз. Бүгін Ақтөбеге Қазақстан эстрадасының әншісі келді. Әртіс банктің ашылуына қатысқаннан кейін аяқ астынан сырқаттанып қалған. Ол банктың салтанатты ашылуына қатысып, ән де айтып берген.

Ал филармонияда әншіні мүгедек балалар мен аналары күтіп отырды. Ерекше балалар алдында әншінің уәдесі орындалмай қалды. 2018 жылды Ақтөбе облысында балалар жылы болып жарияланғанын естіген әнші өз еркімен ән айтуға келіскен…

Балалар каникулдарында уәде етілген Алматыдан келетін қонақты қатты күтті. Осылай кештің соңына жеттік. Жергілікті өкілдері келіп, әншінің ауырып қалғанын, оған кешіріммен және түсіністікпен қарауды сұрады. Аха. Жазылып кетіңіз «Қайда» қыз?..

Күннің басты адамы – Ләззат Мерболатовна болды. Жас талантты әншілерге басшылық етіп жүрген бұл адамды естеріңізде сақтаңыздар. Ақтөбелік таланттарға және олардың ата-аналарына үлкен құрмет! Жас таланттар көрермен үшін жұмыс жасады.

Мен өз әсерімді жазып отырмын. «ФУ» «Қазақстан эстрадасының өкілдері қайда? Бұл жазбаны сыпайы түрде жазып отырмын. Жоғарыдағылардың жазылғанның бәрі менің жеке пікірім, бұлай қалдыруға болмайды», — деген Рамис Халиуллин.

Осылайша шоумен қайырымдылық шараларында алдап кететін эстрада жұлдыздарына емес жергілікті өнерпаздарға құрмет көрсету керектігін жазған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Шымкент: Абай ауданында карантиндік талапты бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
  • Шымкент: Еңбекші ауданындағы қоғамдық орындарға тексеру жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер