Зарина Омарова бала-шағасы не үшін бір ауыз қазақша білмейтінін айтты

Screenshot_1.jpg

Отандық әнші Зарина Омарова балаларының бір ауыз қазақша білмейтіні үшін ұялатынын жеткізді деп хабарлайды "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сахнадан ұзақ уақыт бойы көрінбей кеткен әнші өзінің күйеуі мен балалары жайлы айтып берді.

"Ол көп нәрсені айтпайды. Айтса, орындатпай қоймайды. Сол мінезімен маған ұнады. Бастысы күйеуімнің өнер адамы болғанын қаламадым.

Барлығына топырақ шашпай-ақ қояйын, бірақ өнер адамының көбісі тұрақсыз. Екі жылдай қыз-жігіт болып кездестік.

Ал балаларым менің өнерге қайта оралғанымды күйзеліспен қабылдады. Кішкентай қызым жылап жүрді.

Балаларым орысқол. Осыдан ұяламын. Бұл - менің ең үлкен кемшілігім. Жолдасым да орыша сөйлейді.

Үйде тек мен ғана қазақша сөйлеймін. Үш адам менің қазақшамды түсінбейді", - деп ағынан жарылды әнші.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Шымкент: Абай ауданында карантиндік талапты бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
  • Шымкент: Еңбекші ауданындағы қоғамдық орындарға тексеру жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер