М.Түсіпбаева өзіне тең келер әнші жоқ екенін айтқан М.Сәдуақасованы жерге қойды (фото)

Screenshot_2.jpg

Фотоколлаж: NUR.KZ

Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева "Если честно" бағдарламасына сұхбат берген Мадина Сәдуақасова туралы өз ойын айтты. Ол бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетовтың Жанар Дұғалова мен Мадина Сәдуақасованы салыстырғанына таң қалғанын жеткізген деп хабарлайды әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түсіпбаева бағдарламада Мадинаның сұрақтарға сақ жауап беріп отырғанын айтқан. Сондай-ақ, ол бағдарлама жүргізушісінің Сәдуақасова мен Жанар Дұғалованы салыстырғанын үлкен қателікке балаған.

Әншінің сөзінше, Жанар Дұғалова дәл Димаш Құдайбергендей тума талант. Ол екі тілде өлең жазатын дарынды ақын, өз қолтаңбасы бар композитор.

Осы орайда жүргізуші сұрағын түсінбеген Түсіпбаева Мадина мен Жанардың арасын жер мен көкке балады.

"Жанар үшін "Түрквижн" - тек бастау, көресіздер. Мен бес жыл бұрын Димаш туралы да осылай жазғанмын. Оны Света да біледі. Мен Жанар мен Мадинаны салыстыру керек емес деп ойлаймын. Кешірім өтінемін, Бибігүл Төлегенова апайымыз айтқандай, жер мен көктей" , -деген ол өз жазбасында.

Одан бөлек, әнші Дильназ Ахмадиева "Бір бала" әнін дәл Мадина Сәдуақасова сияқты жүрекке жеткізіп орындай алмайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол сұрақты орыс тілінде қоятын Тимур Балымбетовке де өкпесін айтты.

Screenshot_1.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Шымкент: Абай ауданында карантиндік талапты бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
  • Шымкент: Еңбекші ауданындағы қоғамдық орындарға тексеру жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер