Сенат депутаттары Төле биде

Screenshot_16.jpg

Тау етегіндегі Төлеби ауданында бүгінде тындырымды тірлік көп. Олардың біразына жақында Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депуттары Әли Әбдікерімұлы Бектаев және Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев куә болып қайтты.  Ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген сенат депутаттары бірінші кезекте ірі кооперативтердің бірі «Қазығұр бақтары» АШӨК-нің 120 га алма бауының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» әулиелі жеріндегі қонақ үйдің қызметін көрді.

Түрлі саладағы кәсіпорындарды көргеннен кейін аудан әкімдігінің конференц залында Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қойбағаров, облыстық мәслихат депутаттары Қуашбаев Саттар және Төлтебаев Мұрат Шерімұлы, аудандық мәслихат депутаттары, Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Төлепов Ғалымжан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан Шыңғысбайұлының қатысуымен жиын өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікерімұлы Парламент отырысында қабылданған және өзгертілген заңдарды айты. Яғни, монополисттердің жұмысы бойынша, арнайы экономикалық және индустриалды аймақ туралы, денсаулық сақтау, дәрілік заттар мен медицина бұйымдарына, халықты жұмыспен қамтуға, тұрғын үй қатынастарына, қаржылық қызметке, Қазақстан Республикасының кейбір актілеріне, діни қызмет және діни бірлестіктерге қатысты өзгертілген заңдарға тоқталып, түсіндіріп өтті.

Ал, Әлімжан Сейітжанұлы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауы мен Арыс қаласында болған жағдайдан кейінгі нәтижелі жұмыстардың барысын жеткізді.

Сөз сөйлеушілерден соң пікір алмасуға, сұрақ-жауапқа беріліп, жиынға қатысушылар толғандыратын сұрақтарын қойып, Сенат депутаттары тарапынан жауаптарын алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер