Жәрдемақы алудың тәртібі түсіндірілді

Screenshot_14.png

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, көп балалы аналармен кездесу өткізді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, төрағалық жасады. Кездесу барысында Әсия Құралқызы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: "Атаулы әлеуметтік көмекке қайта орала отырып, Үкіметке ашықтықты, әділеттікті қамтамасыз ететін және жайма-рахат өмір сүрудің орнына еңбекке ынталандырылатын АӘК тағайындау тетігін түзету керек. Көмек негізінен жұмыс істейтіндерге берілуі керек. Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларға қамқорлық жасау қажет. Осы шаралардың барлығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі керек" - деген болатын.

Жиын барысында Ә.Темірбаева АӘК-тің жаңа моделі бойынша 2020 жылдан бастап көп балалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасылар мемлекеттік жәрдемақы, АӘК-тің дәстүрлі қалпы және кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер бойынша мемлекеттік көмек ала алатындарын атап өтті.

"Жаңа жәрдемақы 4 және одан жоғары кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа толғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларға табысына қарамастан тағайындалады (орта есеппен әр балаға 10625 тг.). Мәселен, 4 баласы бар аналар - 42 500 теңге, 5 баласы бар – 53 125 теңге, 6 баласы бар - 63 750 теңге, 7 баласы бар аналар - 73 375 теңге жәрдемақы алатын болады" - деді Ә.Құралқызы.

Басқарма басшысы АӘК-тің ескі моделімен салыстыра отырып жаңа моделді түсіндіріп берді. АӘК тағайындау мерзімі тоқсан сайын болатынын, АӘК-тің мөлшері барлық отбасы мүшелеріне жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде жүретінін, жұмыстан бас тартқан жағдайда АӘК құқығынан отбасы мүшелерінің барлығы айрылатынын, учаскелік комиссиялардың зерттеу-тексеру бойынша критерийлерін айтып берді. Сонымен қатар, кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер туралы да кеңінен түсіндірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер