Мемлекеттік инспектор елді-мекендерді аралады

Screenshot_12.jpg

Мақтаарал ауданына Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы С.С. Қожаниязов жұмыс сапарымен келіп, былтыр ғана жаңадан құрылған ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша ең алдымен мемлекеттік инспектор Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет елді мекеніндегі "Әліби" шаруа қожалығындағы мақта терім науқанының куәсі болды. Берік Шампиевтің басшылығындағы қожалықтың еншісінде 45 гектар жер бар. 15 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда комбайн арқылы ақ алтынды жинау науқаны жүріп жатыр.

Мұнан соң С.Қожаниязов Жанажол ауылдық округі, Фердауси елді мекеніндегі Фердауси атындағы 600 орындық мектептің жұмысымен танысты. Былтыр ғана пайдалануға берілген мектептің құрылысына 1 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған.

Мектептің ішін аралаған мемлекеттік инспектор ғимараттың заманауи құрал-жабдықтармен, инфрақұрылымдармен қамтылғанына куә болды. Мультимедиялық кабинеттерді, зертханалар, мамандандырылған оқу сыныптарын, шеберханалар мен кітапханаларды, әдістемелік, дәрігерлік, психологиялық кабинеттерді, спорт залын көріп, құрылыс сапасына оң баға берді.

Мемлекеттік инспектордың келесі аялдаған жері - Мырзакент кентіндегі "Мырзакент" мақта өңдеу зауыты. Ермахан Жабуовтың басшылығындағы өндіріс ошағының жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды. Мақта шикізатын талшыққа, шитке, линтке және улюгке бөліп шығаратын зауыттың жылдық қуаттылығы 60 мың тоннаға дейін жетеді. Қазіргі таңда 250 адам дәл осы кәсіпорында жұмыспен қамтылған.

Аудан әкімі Бақыт Асанов С.Қожаниязовты ауданды дамыту мақсатында іске асырылып жатқан бірнеше жобалармен таныстырды. Атап айтқанда, құрылыс саласы бойынша 4 жоба, абаттандыру саласы бойынша 22 жоба, жол саласы бойынша 2 жоба, коммуналдық сала бойынша 9 жоба, барлығы 37 жоба іске асырылмақшы.

Қазіргі таңда аудан орталығы Мырзакент кентінде абаттандыру, жарықтандыру, аяқжолдар салу жұмыстары қарқын алған. Кенттің кіреберістеріне жаңа қақпалар орнатылуда. Сондай-ақ, Мырзакент кентінің орталық алаңын заман талабына сай көрікті етіп жасау үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жобаларға оң бағасын берген мемлекеттік инспектор "Мырзакент" аудандық ауруханасының және Достық ауылдық округі, Достық елді мекеніндегі 600 орындық Ғ.Мүсірепов атындағы №53 жалпы орта мектебінің жұмыс барыстарымен де танысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер