Арыстағы құрылыс тоқтап қалмайды

Screenshot_11.jpg

Қалпына келе бастаған Арыста құрылыс жұмыстары мұнымен бітіп қалмақ емес. Қирандылар жөнделіп, ескілері жаңарған қала одан әрі жаралана бермек.  Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өткен апталық аппараттық мәжілісте нақтылап айтты. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің ресми мәліметіне сәйкес  отырыста Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жол, кәріз жүйесі және құрылыстың құжаттандыруы жайлы соңғы мәліметтер талқыланды. Жиында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері құжаттарды толық рәсімдеп, орталыққа тапсыру жағын кешіктіріп жатқаны жайлы айтылды. Облыс басшысы бұл мәселені жылдамырақ шешуді тапсырды. Сондай-ақ, Ақтөбе секторына қарайтын бірнеше үйдің қайта сараптаудан өткені белгілі болды. Нәтижесінде олар толық сүріліп, жаңадан соғылады. Құрылысты облыс өз қолына алды. Жарылыстан 8 мыңнан астам тұрғын үйдің 7634-і зақымданған болса, зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұруға жарамсыз деп танылған 474 үй қайта басынан салынуда. Қазіргі таңда 330 үйдің құрылысы аяқталды. Толық сүріліп тастап, қайта көтерілген 144 үйдің құрылысы да аяқталуға таяды. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаладағы инфрақұрылымды реттеу барысында Арыс қаласының кәріз жүйелері толық жөндеуден өтіп, автоматтандырылды. Арыс жылыту маусымына да толық дайын. Зақым келген Арыс көшелері де жөндеуден өтті. 16 көшенің аяқжол салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аппарат мәжілісінде облыстағы мал және өсімдік шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы жайлы баяндама жасалды. Өмірзақ Естайұлы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің импортына және мал бордақылау алаңдарындағы барлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауды тапсырды. Мал ауруларының алдын алу және емдеу мақсатында ҚР АШМ-ң ветеринарлық қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясымен бірлесіп облыстық ветеринарлық қызметін жұмылдыру және күшейтуді тапсырды. Аймақ басшысы азық-түлік өнімдерінің сақтаудың маңыздылығын да атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер