Азық-түлік белдеуін қалыптастыру қолға алынды

Түркістанда азық-түлік белдеуі қалыптасады

Түркістан қаласын тек екі бағытта бағытуға болады. Оның алғашқысы - туризм, екіншісі - кәсіп. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов өзінің сұхбатында айтқан болатын. Ал қалада ауыл шаруашылық кәсібі мен егін кәсібіне ерекше ден қойылып отыр. Жуырда қалада азық-түлік белдеуі де ашылмақ. Ал бұл қаладағы шағын кәсіп иелері үшін керемет мүмкіндік болмақ.

Қазіргі таңда радиусы 15,0 шақырымды азық-түлік белдеуі 2 кезеңде интенсивті технологияларды қолдана отырып және шаруалардың қолдауымен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, кешенді жоспар бойынша жалпы құны 63,0 млрд теңге болатын 7 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 30,0 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500 астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Бұл жұмыстардың барысы Түркістан қаласының маңындағы Шаға ауылдық округінде өткен «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы» атты республикалық семинар кеңесте жанжақты талқыланды. Оған ҚР АШМ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, ғылыми институттар басшылары, ғалымдар, басқарма басшылары, аудан,қала әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан бекітілген «Түркістан облысының әлеуметтік экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында аграрлық салаға, оның ішінде Түркістан қаласы аумағында 11,0 мың га алқапқа азық түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер