Түркістан тұңғыш рет шетел инвесторларының назарына ұсынылды

БРИТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА МҮДДЕЛІ

Түркістан облыс орталығына айналған сәтінен бастап, жаңа жаһандану кезеңіне өтті. Ендігі мақсат туризм мен кәсіп салаларын ұштастыру болып отыр. Бұл тұста шетелден келетін инвесторлар маңызды рөл ойнайтыны анық. Сондықтан да қала әкімі Рашид Аюпов бір сұхбатында айтқандай қалада туризм арқылы кәсіпкерлікті жандандыру өте ұтымды жоспар. Ол үшін, өз кезегінше ел болып, жұрт болып, жұмыла іске кірісу қажет. 

Түркістан тұңғыш рет Қазақстанның жаңа аймағы ретінде шетелдік инвесторлардың назарына ұсынылып, инвестициялық және туристік әлеуетіне қызығушылық тудыруда.

FT Live Events ұйымдастыруымен Лондон қаласында өткен «Kazakhstan Global Investment Forum 2019» Қазақстан-Британ инвестициялық форумында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық мүмкіндіктер ортаға салынды. Іс-шара Қазақстанның бизнес және инвестиция саласындағы кең мүмкіндіктері мен елдегі экономикалық жетістіктерге арналды. Форумға 400-ден астам делегаттар, Ұлыбританияның және басқа елдердің ауыл шаруашылығы, құрылыс және туризм саласындағы корпоративтік инвесторлары бас қосты. Түркістан облысының атынан облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған «Turkistan invest», «Turkistan» арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарының басқарушы компанияларының басшыларынан құралған делегация қатысты. «Road show» өңірлер мен арнайы экономикалық аймақтар панельдік сессиясында Түркістан облысы тұңғыш рет Қазақстанның жаңа аймағы ретінде шетелдік инвесторлардың назарына ұсынылып, инвестициялық және туристік әлеуетіне қызығушылық тудыруда. Жаңа жобалардың жүзеге асуы негізгі капиталға инвестиция салу ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуын, білім мен жаңа технологиялар трансферті арқылы аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жол ашады. 

Панельдік сессия соңында Түркістанның делегациясы ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм және жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші корпоративті инвесторлармен 25-тен астам «G2B» кездесулерін өткізді. Іс-шара аясында «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағына үздік еркін экономикалық аймақ құрғаны үшін «Global Free Zones of the Year 2019» сыйлығы берілді. Түркістан облысының делегациясы бүкіл әлем бойынша инновациялық шешімдерді ұсыну және инвестициялар тарту бойынша іскери ақпараттың танымал әлемдік көзі болып табылатын Financial Times-пен одан әрі ынтымақтастықты дамытуды және бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта Британдық инвесторлар мен туристердің аймақпен танысу және тараптар арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мақсатында Түркістанға сапары күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер