Түркістанда бөтелкедегі су өндіріледі

Podobny obraz

Бүгінде елімізде отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша көңіл бөлінуде. Кәсіпкерлікті қолдау – ел экономикасын арттыруға бағытталған батыл қадамның бірі. ал лотандық өнімді өндіруге ниетті кәсіпкерді қолдау мемлекеттің басты парызы секілді. Түркістанда кәсіпкерлерді қолдау барысында қазірде бірнеше жоба аясында кәсібін ашамын деушілерге бастапқы субсидия жеңілдікпен беріліп жатыр. Соның бірі "Түркістанның қасиетті суы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

"Түркістанның қасиетті суы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірумен айналысады. Түркістанның аумағындағы қасиетті мекендердегі киелі, шипа суларды бөтелкеде сату негізінен жақсы идея. Себебі көптеген келушілер дәл осы қала маңындағы құдық, бұлақ суларын шипалы сап, кейбіреулері тіпті арнайы осы судан дәм тату үшін де келіп жатады. Сондықтан да "Түркістанның қасиетті суы" ЖШС арнайы бөтелкедегі су өндірмек. Осы мақсатта кәсіпорын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бөтелкедегі су өндірісі үшін 400 млн. теңге көлемінде қаражат алады.

Кәсіпорындар жұмысының белсенділігін арттыру, отандық тауарлардың сапасын жақсарту арқылы нарықтық бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыруды мақсат еткен компанияның жобасы болашақта жақсы жемісін береді деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер