Қоғамдық тамақтандыру саласы өзекті

2018_12_04_045713896900.PNG

Қазіргі кезде мейрамхана бизнесі Түркістанда қарқынды түрде дамып келеді. Әрі табысты, әрі пайдалы кәсіп түрі саналады. Бұрынғы кеңестік кезеңдегі қоғамдық тамақтандыру орталықтары деңгейінен әлдеқайда өскен. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша дамыған салалардың бірінші сатысында тұр. Оның үстіне бұл шағын жіне орта кәсіп түрін ашамын деушілер үшін мемлекет тарапынан қарастырылған кәсіпті қаржылай қолдау көрсететін бағдарлама түрлері де аз емес.

Қоғамдық тамақтандыру – халық шаруашылығы экономикасының өте айрықша кіші саласы. Кез келген ел үшін қоғамдық тамақтандыру зор экономикалық рөл атқарды, өйткені ол халықты тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, көп жұмыс орнын құрып, халықты жұмыспен қамтиды, көп адамдардың санын олар демалуға, балаларымен, достарымен және т.б. демалуға жұмсай алатын уақытты тамақ әзірлеуден босатып, халықтың өмір сүру сапасын да арттырады.

Қоғамдық тамақтандырудың ерекше рөлі оның елімізде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етуімен байланысты, осы орайда еліміздегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының көбі шағын нысанда ұйымдастырылғанын да атап өтуге болады, тек мейрамхана бизнесі объектілерінің шамалы ғана санын ірі кәсіпорынға жатқызуға болады.

Қаладағы қоғамдық тамақтану орталықтарының бірі Дәулет кафесі. Аталған тамақтану орны қалаға жан жақтан келген қонақтар мен қала тұрғындарының орнықты мекеніне арналған. Шайханажа бары 150 орын бар. Шайхана атағы еліміздің ғана емес, көршілес елдерге де жететін Қожа Ахмет Ясауи мешітінің маңында орналасқандықтан маңайында үнемі шетелдік туристер өрбіп жүреді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер