Түлкібаста полиция бөлімінің халықтық кеңсесі ашылды

Screenshot_15.jpg

Өткен жылы Елбасы  Н.Ә.Назарбаев Ішкі істер органдарының жұмысын жандандыру, халықпен қарым-қатынасын күшейтуге байланысты 9 бағытта жұмыс жасауға нақты тапсырма берген болатын. Соның бір бағыты -  халықтық кеңсе ашу еді.

Бұл өте маңызды. Себебі, қазіргі таңда халыққа дер кезінде өздері сұраған тақырыптағы сауалдарға нақты жауаптар берілу керек. Жауап бетпе-бет берілсе, халық өзіне керекті көптеген ақпаратты алады. Әсіресе, халық пен тәртіп сақшыларының арасын жақындату өте өзекті. Бетпе-бет мәміле болған жағдайда ғана екі ортадағы түсінбеушіліктер жойылып, нақты нәтиже орнайды. 

Бүгін міне тапсырмаға сай облысымызда алғашқылардың бірі болып Түлкібаста аудандық полиция бөлімінде халықтық кеңсе ақпараттық орталығы ашылды. Бұл ғимарат  халық пен тәртіп сақшылары арасын жақындастыра түсетін көпір болмақ. Халық қажетті ақпаратты алып, құқық қорғау органының қызметіне қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес сұрай алады. Осылайша азаматтарға қызмет көрсетуге арналған халықтық кеңсе полиция қызметіне жүгінгісі келген кез келген тұлғамен тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Салтанатты шарада алғы сөзге ие болған аудан әкімінің орынбасары Е. Күзембаев ішкі істер органдарының қызметкерлерін жаңа ғимараттарымен құттықтап жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер