МҚІСЖҚА мектептер мен балабақшалардың бюджеттерін ашық қолжетімдлікте жариялауды талап етеді

Screenshot_1.jpg

Бүгін МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.

Іс-шараға білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов, білім және ғылым министрлігінің өкілдері, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы, облыстық және қалалық білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен мектеп қамқоршылық кеңестердің белсенді өкілдері қатысты.

Агенттік төрағасының орынбасары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған ағымдағы жұмыс туралы әңгімеледі, сондай-ақ білім беру ұйымдарында кез-келген алым-салымға жол бермеу туралы ескертті.

«Біз ата-аналар білім беру ұйымдарындағы жөндеу немесе іс-шараларды өткізу жұмыстарына қандай да бір шығындар жасауға міндетті емес деп ойлаймыз және мұндай фактілерді жемқорлық ретінде қарастырамыз, өйткені осы мақсаттар үшін бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінеді », - деді Олжас Бектенов.

МҚІСЖҚА басшысының орынбасары білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерінің ағымдағы қызметі туралы егжей-тегжейлі тоқтап, ерікті жарналар мәжбүрлі сипат алып келу фактілерінің алдыналу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Олжас Бектенов бүгінгі күні мемлекеттік аппарат қоғаммен қарым-қатынастарды ашық және есеп берушілік қағидаттарында қалыптастыруда екендігін атап өтті. Қазақстанда «Ашық үкімет» порталы жұмыс атқарады, онда кез келген адам онлайн режимде мемлекеттік органдардың кең көлемді дерекқорына, соның ішінде бюджеттік есептілікке қол жеткізе алады. Бұл бюджет қаражатын жұмсауға қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позициялардың дамуына ықпал етеді.

Мектептер мен балабақшаларда алым-салым мәселесін шешу үшін Олжас Бектенов толық қаржы есебін міндетті түрде жариялауды ұсынды, өйткені бұл қаржы ресурстарын дұрыс пайдаланбау және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығарады.

«Білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестерінің есептері ресми түрде ашылуға тиіс, ол қайырымдылық көмектің ашықтығын қамтамасыз етеді. Уәкілетті орган осы мәселені бақылауға және шот ашуға мониторинг жүргізуі тиіс», - деді ол.

Сонымен қатар, спикер білім беру ұйымдарының бюджеті туралы ақпарат мектептердің, балабақшалардың, білім беру бөлімдерінің веб-сайттарына кез-келген адам үшін түсінікті, қол жетімді нысанда орналастыру керек екенін атап өтті.

Тек қана осындай жолмен - қоғамның айқындығы мен бақылау арқылы «тұрмыстық жемқорлықты» жоюға болады, - деп қорытындылады Олжас Бектенов.

Естеріңізге сала кетейік, Агенттікте 1424 Call-орталығы жұмыс жасайды, онда азаматтар шағымдар мен ұсыныстарымен, оның шінде сыбайлас жемқорлық деректері бойынша хабарласа алады.

Сондай-ақ азаматтар МҚІСЖҚА Төрағасының фейсбуктегі парақшасына, жеке блогына («Ашық диалог» интернет-порталы) және alik.shpekbayev@gmail.com электронды пошталарына өтініш жасай алады.

ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер