Дәурен Абаев: «Божко – қазақ жерінің нағыз патриоты, бұл шындық»

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконың "тізерлеп рахмет айту" туралы мәлімдемесіне пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған  Oinet.kz.

"Шын мәнінде масылдықты айтқысы келгенін түсінеміз ғой. Тек дұрыс сөз таңдамады. Біріншіден, ол - әскери адам, тіке айтады. Екіншіден, Владимир Карпович еңбекке ерте араласқан, 11-12 жасынан бастап жұмыс істеген. Сондықтан, масылдыққа жаны қас", - деп атап өтті министр "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында.

  "Көптеген құтқару операцияларын басқарып, жүздеген қазақстандықты өлімнен құтқарған адамды патриот емес деп айыптауға болмайды. Ол – қазақ жерінің нағыз патриоты, бұл шындық", - деді Дәурен Абаев.

Ол әлеуметтік желі қолданушыларының Божконы патриот емес деп айыптағанын, адамды еңбегіне қарай бағалау қажеттігін атап өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер