ҰБТ-2018: Ұялы телефонмен ұсталған 10 оқушының жауабы жойылмады

ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКҚ директоры Рамазан Әлімқұлов 10 ұялы телефонмен ұсталған оқушының жауабы не себепті жойылмағаны туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Астанада Л.Гумелев атындағы ЕҰУ-де ҰБТ тапсыру барысында түлектердің бірі 10 ұялы телефонмен ұсталды. Алайда Оның жауабы жойылмады. Не себепті?» деген журналистің сұрағына орталық директоры ақпараттың бұрамалғанын айтты.

«Сіздерге берілген ақпарат біршама бұрмаланған. Рас, бір оқушыдан 10 ұялы телефон табылды. алайда ол тест тапсыру барысында емес, оған дейін анықталып, тәркіленді. Ал, мұндай жағдайда оқушының жауабы жойылмайды. Осы ретте ол оқушының бұл телефондарды қалай өткізгісі келгені және қалай пайдаланбақшы болғаны түсініксіз. Өздеріңіз білесіздер, біз барлық жерлерге желіні бұғаттау құралын орнатып тастағанбыз», - деді ол.

Айта кетейік, ұлттық тестілеу орталығының телеграмм каналына 23 мыңға жуық адам тіркелген, 196 мың рет нәтиже сұралған. Бұдан басқа, edu.mail.kz 14 мың қолданушы болса, сайтқа қолданушылар 21 мың рет кірген және 1856 мың рет қаралған. Әр оқушы өзінің нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында екі-үші рет қайтара тексеріп шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ тапсырған оңтүстіктегі бір оқушының жауабы жойылды.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: ҰБТ-2018: Ұялы телефонмен ұсталған 10 оқушының жауабы жойылмады