Елбасы Өзбекстан Президентін құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жоғары мемлекеттік қызметте табыс тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Әңгіме барысында мемлекет басшылары екі елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтіп, басым бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Елбасы Өзбекстан Президентін құттықтады