Отырарда «Достық» аллеясы ашылды

image_750x_5b0be101008b2.jpg

Отырар ауданы Шәуілдір елдімекенінде ауданнан түлеп ұшқан кәсіпкер Ләззат Жабатаеваның демеушілігімен Ұлы сазгер Ш.Қалдаяқов пен ұлағатты ұстаз Келдебек Жабатайұлының достық құрметіне  «Достық» аллеясы ашылды.

Аллеяның лентасын салтанатты түрде аудан әкімі Ерлан Айтаханов, ҚР Мәдениет қайраткері Тұяқбай Мұсатаев, Келдебек Жабатайұлының жары Әуескүл Ескеровалар қиды. 

"Ұлылар достығы ұрпаққа үлгі боларына сенімім кәміл. Тұлғаларын түлеткен Отырар өңірі өскен жеріне басын иіп, өркендеуіне үлес қосуға шынайы ниетті жанашыр азаматтарымен де мақтанады. Ауданда қолға алынған «Онжылдықтар тоғысында» акциясына қатысып, демеушілік танытқан барша жандарға, алғысымды білдіремін"-деді, аудан әкімі Е.Айтаханов.

Игілікті бастамаға қатысушылар «Қазақ  вальсінің королі» атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың есімін иемденген мектеп-гимназиясы мен Жамбыл,  Көкмардан жалпы орта мектептеріндегі «Сыңғырла, соңғы қоңырау» шарасына қатысып, мектеп бітіруші түлектерге сәтті қадам тіледі.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Отырарда «Достық» аллеясы ашылды