Мусин Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

мусин.jpg

Бағдат Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы  RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі хабарлады Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.

Бағдат Батырбекұлы Мусин 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетті бітірген. 2005 жылы  Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004-2007 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында бас бағдарламалық қамтамасыздандыру инженері, бөлім бастығы, департамент директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ мемлекеттік органдарда еңбек еткен. Үйленген. Екі қызы, бір ұлы бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер