Қытай мемлекеті 1,8 млрд долларға жел электр станциясын салып бермек

Screenshot_13.jpg

22 қыркүйекте Өзбекстанның Бұқара облысында жел электр станциясының құрылысы басталды. Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, жобаны Қытайдың Lioaning Lide корпорациясы жүзеге асырады, деп хабарлады Oinet.kz порталы Azattyq-қа сілтеме жасаған.

6 мың гектар жерге салынатын, қуаты 1,5 мың мегаваттық станция құны - 1,8 миллиард доллар.

2017 жылы Өзбекстан 2017-2025 жылдарға арналған қалпына келетін энергия көздерін дамыту бағдарламасын қабылдаған.

2018 жылы Өзбекстан Ресеймен атом электр станциясын салу жөнінде келісім жасасып, болашақ АЭС Қазақстан шекарасына жақын Тузкан көлі маңында орналасатынын хабарлады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер