Түркістандағы Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

3dda19f5-2c55-42af-ae9a-5910f520f281.jpg

Кеше Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХIII сессиясы өтті. Онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тұңғыш Президенттің есімін мәңгілікке қалдыру үшін облыс орталықтарындағы негізгі көшелердің бірін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы бастамасы қаралды. Сессия шешімі бойынша облыс орталығындағы Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілу туралы ұсыныс айтылып, ол депутаттар тарапынан қолдау тапты. 

Түркістан қаласындағы ірі көшелердің бірі – Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.   

Бұл даңғыл Бекзат Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап, Тәуке хан даңғылы мен Нәзір Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықты қамтиды. 

af280f48-72fd-4689-a898-ca48cb242563.jpg

Айта кетейік, 2018 жылдың маусым айында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы Жарлық шығарған болатын. Бүгінгі таңда Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде қарқынды түрде дамып келеді. Қалада ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер