Хабарландыру: Туристік полицияға - қызметке кел!

Түркістан қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция ротасының туристік полиция тобына қызметке орналасуға шақырамыз! Ол үшін сіз, Қазақстан Республикасының азаматы, жасыңыз 18-35 аралығында, жоғары білімді, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен болуыңыз керек. Сондай-ақ бұл қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар да қабылданады.

image.png

Үміткерлерге қойылатын ең басты талапатардың бірі: туристермен қарым-қатынас жасау үшін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген болуы қажет. Жаңадан құрылған бөлім мамандары аймақтағы туристер ең көп баратын көрікті жерлер мен тарихи нысандар аумағында қызмет көрсететін болады. 

Айта кететін жайт, туристік полицияның негізгі міндеті – өңірге келген  саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы аймақтың тарихын жетік меңгеріп, егер де  қажет етсе қонақтармен түрлі ақпараттармен бөлісу.

Егер өзіңізді осы ішкі істер саласы, оның ішінде туристік полицияда көргіңіз келсе, онда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласып,  аталмыш мекенжайға келіңіздер!

Түркістан облысы Полиция басқармасының мекенжайы: 

Түркістан облысы, Түркістан қаласы Ерубаев көшесі № 254

Анықтама телефондары: 48-83

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер