Жаңа жол белгілері орнатылды

image.png

Жол белгілері – көше және автомобиль жолдарындағы көліктердің және жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастырудағы маңызды құрал. Сол себепті аудан тұрғындарына жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» қызметкерлері ауылдық округтердің жүріс бөліктеріне 277 дана жол белгілерін орнатты.

Жол белгілері жолдағы келеңсіздіктердің алдын алады. Жол белгілер оқушылар көп өтетін орындар мен мектеп жанына және көлік көп жүретін көшелерге орналастырған. Ауданымыздың орталығында көлік қозғалысы көп. Сондай-ақ, жаңа оқу жылы басталуымен автомобиль және жаяу жүргіншілер жолында мектеп оқушылары көп шығады. Осы жағдайды ескере отырып жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында орналастырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Түркістан: Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде
  • Түркістан мақта-тоқыма кластерінің ірі орталығына айналады
  • Түркістанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді
  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер