Шеберханадан ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

2.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын ұялы телефонының ұрланғанын жеткізді.  Жәбірленуші ер адамның  айтуынша, аудан орталығындағы  велосипед жөндейтін шеберхана ішінен оның  "OPPO 5" маркалы ұялы телефонын белгісіз біреулер алып кеткен. Жәбірленушіге 100 мың теңге шығын келген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша  тіркеді. 

Полицейлер ұрлық  қылмысын ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көздеріне сүйене отырып,  орта жастағы күдікті ер адамды анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті  ұялы телефонды өзі қолдану мақсатында ұрлағаны белгілі болды. Бүгінде полицейлер айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. 

 Жәбірленуші ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді. Қазіргі таңда  күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны, куәсі болсаңыз, онда дереу 102 телефонына  хабарласыңыз.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Түркістан: Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде
  • Түркістан мақта-тоқыма кластерінің ірі орталығына айналады
  • Түркістанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді
  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер