Мектеп директорына сот үкімі шықты

00000.jpeg

Ағымдағы жылғы 21 шілдеде Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты Түлкібас ауданындағы Майлыкент жалпы орта мектебінің директоры Ақмарал Айсадыковаға қатысты айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлады. 

Сот үкімімен оған 6 млн. теңге айыппұл төлеу жазасы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен тағайындалды.

А.Айсадыкова ағылшын тілі мұғалімінен жұмысқа орналастыру және жалпы қамқорлығы үшін 200 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Түркістан: Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде
  • Түркістан мақта-тоқыма кластерінің ірі орталығына айналады
  • Түркістанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді
  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер