Мас халде трактор тізгіндеген

000.jpg

Түркістан облысында мас халде трактор тізгіндеген жүргізуші  көлік басқару құқығынан айырылды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түлкібас    ауданының патрульдік полицейлері "Қауіпсіз жол" іс-шарасы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында, бекітілген бағыт бойынша патрульдеу жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Осы тұста полицейлер Түлкібас  ауданына қарасты  ауыл көшелерінің бірінде түнгі уақытта  жол жүру ережесін бұзған «МТЗ-80» маркалы тракторды тоқтатады. Аталған трактор жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында, оның спирттік ішімдік ішкеніне күдіктенеді.

Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша  тіркеді.  Жүргізушіге қатысты  сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес оның "орта дәрежелі" масаң күйі анықталды.  Осыдан соң  аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.  

Сот шешімімен  жүргізуші  7 жыл мерзімге көлік басқару  құқығынан  айырылды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер