Мас жүргізушінің ісі сотқа жіберілді

16.jpg

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған ер адам анықталды. 

Қазығұрт  АПБ-ның патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, «Қауіпсіз жол» рейдтік-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер түнгі  уақытта аудан көшелерінің бірінен күдік тудырған «Ваз 2121»  Нива маркалы автокөлігін байқады. Содан тәртіп сақшылары көліктің алдына шыға отырып, оны тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылар  жүргізушінің мас халде болғанын анықтады. Сонымен қатар оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес ер адам көлікті мас халде басқарғаны белгілі болды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдарды полицейлер заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. 

Түркістан облысы  ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Вице-министр Е. Саденов Түркістанда қызметтік іссапармен болды
  • Бекетте есірткімен ұсталды
  • Көлігінде тапанша сақтаған
  • «Шетелдік көлікті тіркеймін» деген алаяқ ұсталды
  • Малыңыз ұрылардың олжасына айналмасын десеңіз...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер