Дәмханадан ұялы телефон ұрлаған азамат ұсталды

12.jpg

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жас қыз арызданды. Оның айтуынша, өзі жұмыс жасайтын дәмханадан оның «Самсунг-А10S» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 70 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары хабар келіп түскен бойда оқиға орнына бірден келіп жетті. Олар сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Полицейлердің жасаған жұмыстарының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар бұрын ер адам ұсталды.

Анықталғандай, ер адам дәмханаға түскі ас ішу үшін кірген. Содан үстел үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру ойы туындаған. Осыдан соң ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, арам ойын жүзеге асырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрлаған бөтеннің мүлкін базарға апарып сатып, ақшасын жаратып жіберген.Бүгінде күдіктіге қатысты іс-құжаттар сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жеке бағалы заттарыңызды ұрлықшылардың оңай олжасына айналмауы үшін сақ болуды ескертеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Вице-министр Е. Саденов Түркістанда қызметтік іссапармен болды
  • Бекетте есірткімен ұсталды
  • Көлігінде тапанша сақтаған
  • «Шетелдік көлікті тіркеймін» деген алаяқ ұсталды
  • Малыңыз ұрылардың олжасына айналмасын десеңіз...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер