«Қауіпсіз жол» 15 мыңнан астам фактіні анықтады

1.jpg

 Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында қарқынды қызмет етуде. Мәселен іс-шараның 13 тәулігінде полицейлермен 15590 жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталды. Оның ішінде  қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 3000-нан астам тәртіп бұзушы, басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 1293 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  сондай-ақ шара барасында техникалық байқаудан өтпеген 923 көлік пен автокөлікті мас күйінде басқарған 68 жүргізуші анықталды. Ал маневр жасау ережелерін бұзған 545 жайт тіркелді. Тәртіп сақшылары авариялық жағдай туғызғаны үшін 111 көлік тізгіндеушіге жауапкершілігін қарады. 526 жүргізушіге жылдамдық режимін шектен тыс асырғаны үшін хаттама толтырылды. Ал бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп кетудің 154 жайты, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудың 33 жайты белгілі болды.

«Қауіпсіз жол» шарасы кезінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 404 ереже бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ автокөлікті заңсыз қайта жабдықтау бойынша 160 жайт тіркелді. Жалған және қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен көлік құралын басқарудың 10 дерегі анықталып, жүргізушілерге шара көрілді. Айыптұраққа 499 көлік қойылды.

Мысалы Жетісай ауданына қарасты ауылдардың бірінде өзімен бір бағытта бара жатқан «Daewoo Nexia» көлігін соғып, жол апатын жасаған «Ауди-100» көлігінің жүргізушісі анықталды. Тексеру кезінде оның мас халде екендігі расталды. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеуге алынып, тәртіп сақшыларымен іс құжаттар жинақталды. Нәтижесінде Жетісай аудандық сотының қаулысымен «Ауди-100» жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Аталған шара ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың нұсқауына сәйкес жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу, жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында өткізілуде. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Көлік басқарғанда мұқият болыңыздар!



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Вице-министр Е. Саденов Түркістанда қызметтік іссапармен болды
  • Бекетте есірткімен ұсталды
  • Көлігінде тапанша сақтаған
  • «Шетелдік көлікті тіркеймін» деген алаяқ ұсталды
  • Малыңыз ұрылардың олжасына айналмасын десеңіз...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер