Тәртіпке бағынған құл болмайды

22.jpg

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда.

Түркістан облысы аумағында полиция қызметкерлері   жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жолаушылар тасымалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында «Автобус» профилактикалық шарасын ұйымдастырды. Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы көшелерге рейдтік шара жүргізді. Бұл іс-шара кезінде қоғамдық 5 автокөлік, «Тайота Альфард» маркалы қоғамдық көліктер және балаларды балабақшаға таситын кіші автобустар тексерілді. Оларға «Автобус» шарасын түсіндіріп, заңға қайшы келетін көліктің құжаттары тексеріліп, орын алған құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 2 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», көлігіне қосалқы бөлшек қосқаны үшін, яғни заңсыз талапқа сай келмейтін орындық қосқаны үшін 1 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жүйелі түрде өткізіп жатқан бұл алдын алу шаралары жол-көлік оқиғаларының  жолын кесіп, санын азайтады деп сенеміз. 


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района «Зелёная балка»
  • Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды
  • Әлеуметтік орталыққа жарты миллиард теңге бөлінетін болды
  • Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылады
  • Бастауыш - білім негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер