2 миллион теңгенің мүлкін ұрлаған күдікті ұсталды

25.jpg

Полицейлер жанармай құю бекетінде тұрған кранның құрылғысын ұрлаған күдіктіні анықтады. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша оның «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолы бойында орналасқан жанармай құю бекетіндегі жүк көтергіш кранның құрылғысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 000 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға келді. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деп танылған азамат ұсталды. Ол бұрын сотты болмаған жергілікті тұрғын, ер адам болып шықты. Тексеру кезінде ер адам  қаражат қажеттілігіне байланысты осындай әрекетке барған. Ол ұрлаған бөтеннің мүлкін Шымкент қаласындағы гаражға апарып сатқан. Полиция қызметкерлері сезіктінің сатқан құрылғысын айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района «Зелёная балка»
  • Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды
  • Әлеуметтік орталыққа жарты миллиард теңге бөлінетін болды
  • Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылады
  • Бастауыш - білім негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер