Лагердегі қауіпсіздік бақылауда

22.jpg

Түркістан облысының полицейлері жазғы демалыс лагерлерінде профилактикалық іс-шаралар өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Маусым айынан бастап балалардың жазғы демалысы басталды. "Балалар жылына орай" жасөспірімдер демалыс орындарына, лагерьлерге көптеп жіберілуде. Ал олардың қауіпсіздігі қашанда полицейлердің бақылауында.   

Осыған орай Түлкібас АПБ қызметкерлері сауықтыру лагерінің әкімдіктері мен психологтармен бірлесіп жаздық сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан 1550 жасөспіріммен профилактикалық шара жүргізді. Олардың ішкі тәртіпті қатаң сақтап, суға шомылу, тауға өрмелеу ережелерін бұзбау керектігі түсіндіріліп, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік нұсқаулықтарымен егжей-тегжейлі таныстырылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларға сауықтыру лагерінде бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, бір-бірін балағаттамау, заңға қайшы әрекеттерге бармау керектігін қатаң ескертті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Түркістан: Халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде
  • Түркістан мақта-тоқыма кластерінің ірі орталығына айналады
  • Түркістанға шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келеді
  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер