Көлікпен серуен құрған жастар жауапқа тартылды

c7722678bd399abd78e101532400ebd6_original.89397.jpg    

Жол ережесін өрескел бұзған Петропавл мен Шымкент қаласының тұрғындары анықталды.

Бүгінде қандай да бір мерекелік шара болса, көлікпен серуен құратын жастар  жетерлік. Осындай автокөлікпен серуен құрып,  жол ережесін бұзған  бір топ жастардың бейнежазбасы  ғаламтор желісіне жарияланған.

Осы бейнежазба бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті жолақтың келесі бетінде теңселте айдап, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерді тауып, олардың жеке басы мен тұрғылықты мекенжайын анықтады. Олар Петропавл және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Жол ережесін бұзған Петропавл қаласының 20 жасар тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі  «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», ал Шымкент қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі «Маневр қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысының полицейлері әрбір жүргізуші рөлге отырған кезде өз өмірі мен жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің өмірі үшін де жауапты болатындығын еске салады. Сондықтан көлік тізгіндегенде жол ережесін сақтайық!


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района «Зелёная балка»
  • Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды
  • Әлеуметтік орталыққа жарты миллиард теңге бөлінетін болды
  • Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылады
  • Бастауыш - білім негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер