Нұротандықтар балаларға қуаныш сыйлады

Screenshot_5.jpg

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Бүгін 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы балаларға қуаныш сыйлады.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қаладағы бірқатар аз қамтылған көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп, балғандарды мерекелерімен құттықтады. Алдымен көпбалалы ана Гүлчехра Егембердиеваның отбасына барып, азық-түлік жиынтығы, киім-кешек және сыйлықтар тапсырды.

– Мен де дәл сіздердей көп балалы отбасында өмірге келгенмін. Үйде он жанбыз, соның тоғызыншысымын. Сол себепті ағаларымның киімін киіп өскенмін. Яғни, үлкен отбасының қызығы мен тәрбиелік мәні көп. Бұйырса, осылардың арасынан жақсы азаматтар, мықты мамандар шығады, – деді Б.Мәделіұлы.

Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.

БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте снижены тарифы на услуги по передаче электроэнергии
  • Специалисты из России и Турции обменяются опытом борьбы с COVID-19 в Шымкенте
  • Поступили лекарственные препараты из России, Узбекистана, Беларуси, Украины и Индии
  • Количество вызовов скорой помощи уменьшилось
  • Мурат Айтенов: «Эпидемиологическая ситуация в Шымкенте восстанавливается»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер