Түркістан облысының 78 ауылын газсыз қалдырған шенеуніктер жауапқа тартылады

ш.jpg

"Қазтрансгазбен" және басқа да мекемелердің келіспеушіліктерінің салдарынан 78 ауыл табиғи газсыз қалып кеткен. Бұған байланысты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құқық қорғау орындарына тапсырма бергенін бүгін ел алдындағы есебінде айтты. 

Былтыр біз келгенімізде үлкен проблемаға жолықтық. 2013-2014 жылдары облыста газ құбырлары, агрестер салынған. Бірақ, "Қазтрансгазбен", басқа да мекемелердің келіспеушіліктердің салдарынан 78 елді мекенде құбырлар тартылған болса да газ жоқ. Мен бұл мәселемен Президентке дейін бардым. Президент тапсырма берді. Сол 78 елді мекеннің 60 шақтысы қазіргі таңда газға қосылды. Мұның ішінде әр түрлі мәселелер бар. Тапсырыс берушілердің кінәсі де бар. Бұған байланысты құқық қорғау органдарына тапсырма бердім. Түбіне дейін жетіп, бәрін қалпына келтіруіміз керек, – деді әкім. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылмақ
  • Түркістан облысында биыл 16 жайлы мектептің құрылысы аяқталады
  • Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер