Сайрамда екпе салдыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде

Screenshot_6.jpg

Әлемді шарпыған індетті жеңудің жалғыз жолы - екпе алу. Екпе арқылы адам бойында иммунитет қалыптасып, індетке шалдыға қоймайды. Осыған орай елімізде екпе егу жұмыстарын қарқынды түрде жүргізген абзал.  Түркістан облысы Сайрам ауданында екпе салдырушылардың қатары артып келеді. Қазір ауданда 7 екпе егу пункті ашылып, 29 егу бригадасы жұмыс істеуде.

Құрамында дәрігер мен вакцинатор, тіркеуші бар топ ауылдарды аралап, екпе шараларын жүргізуде. Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын тұрғындар үшін ауданда 8 жылжымалы бригада ұйымдастырылған. Барлық мамандар екпе егу бойынша арнайы дайындықтан өтіп, жылжымалы бригадаларға көлік бекітілген. 

Бұдан бөлек, ауданда екпе құтыларын сақтауға арнайы қойма ұйымдастырылған. Онда құтыларды сақтауға және тасымалдауға 2 стационарлы мұздатқыш, 5 рефрижератор мен термоконтейнер бар. Егу тіректерінің әрқайсысы 1 мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген. Сайрам ауданында 49 480 адамға екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін, 1-компонентпен 31 430 адам, 2- компонентпен 19 562 адам қамтылып отыр. 

Ауданда екпе салдырушылардың қатарының артуы байқалады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер