Биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 62 млрд теңгеге жетті

Screenshot_3.jpg

Бүгінде Сайрам ауданының шаруашылығы түрленіп, кәсібі көбейіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл сайын артып отыр. 

Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш  жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылы 158,6 млрд.теңгеге жетіп, өсім 5,8% құраған болса, 2021 жылы жалпы өңірлік өнім көлемін  166,5 млрд.теңгеге  немесе өсімін 5,0%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 62 млрд теңгеге жетіп, өсім 7,3%-ды құрады. Жалпы өнімнің ішінде 48%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Экономиканың негізгі салаларында  өсім байқалады, өнеркәсіп өнімі 18,7%-ға, ауыл шаруашылық өнімі   5%-ға өссе, 9,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 42 мың ш.м құрады. 

Аудандағы өндірілетін өнімдер өзімізді ғана қамтып қоймай, өзге аймақтарға да жіберіледі. 

Былтырғы жылы 89,0 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 6,2%-ға жетіп, аудан  2 орында болған. Карантин режимі болса да шаруа тоқтаған жоқ. Биылғы жылдың   6 айында ауыл шаруашылығында 30 млрд.теңгеге өнім өндірілді, көктемгі егіс жұмыстарының  мерзімінде жүргізілу нәтижесінде, былтырғы жылға қарағанда 1,4 млрд.теңгеге артық өнім алынды. Ауданның үлесі облыс көлемінде 13,9%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылмақ
  • Түркістан облысында биыл 16 жайлы мектептің құрылысы аяқталады
  • Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер