Кәсібін кеңейтуге бағдарлама көмекші болды

Screenshot_8.png

Қазіргі таңда Шымкент қаласында "Мен кәсіпкер боламын" бағдарламасына қатысып, өз бизнесін ашып отырған жастар жетердік. Солардың бірі Қанат Төребеков. 

"Шымкент әкімшілігімен СПК Шымкент бірігіп 1 % жеңілдетілген несие беріп жатқанын естіп, консультация алуға фронт-офиске консультацияға барып, бұл несие жайлы толыққанды білдім. Ондағылар 21 жастан 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкер ер азаматтарға арналған бағдарлама екенін түсіндіріп, қандай құжаттар керектігін айтты. Бұл бағдарлама біз сияқты кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге үлкен көмек,- дейді жас кәсіпкер.

Бүгінде  "НҰРИЯ ЖШС"  жетекшілік ететін Қанат  бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген несиемен 8 миллион теңге алып, өндірісі үшін қажетті экстриульді құрал-жабдық сатып  алған. Ол полиэтилен өндіреді. Ол жерде макарон, күріш, тұздың сыртқы пакетін дайындайды. Аталмыш бағдарламаның арқасында кішігірім өндірісі ұлғайған, қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

"Қазіргі объём 30-40 тонна. Болашақта кеңейіп, өндірісімді арықарай ұлғайтсам деген ниетім бар. Пакетті бояйтын, пакетті кесетін құралдар алғым келеді. Жұмыс жасаймын деген адамға қазіргі таңда мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетілуде. Тек қана алғыс білдіремін",- дейді бағдарлама қатысушы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер